Өңірімізде студенттерге арналған экологиялық пресс-тур ұйымдастырылды. Онда жастар заманауи экологиялық технологияларды көріп, автоматтандырылған мониторинг жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Студенттер атмосфераға таралатын эмиссияларды бақылайтын автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жұмысымен танысты. Автоматтандырылған жүйе тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Ол түтін шығаратын мұржалардағы зиянды заттардың мөлшерін, газдың құрамын, температураны, қысымды және басқа да көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде өлшейді. Жиналған деректер бірден ақпараттық базаға жіберіледі.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы
Біздің облыста 15 үлкен кәсіпорындарда автоматтандырылған мониторинг жүйесін орналастыру іске асып жатыр 2023 жылдан бері. Біздің облыс бойынша 15 ірі мекеменің бүгінгі күні 11 ірі мекемелері қосылған осы жүйеге. Оның ішінде осы компания жүйеге қосылып, барлық датчикетер Астанаға мәліметтер беріп отыр. Сол себепті студенттерді әкеліп, таныстырдық.
Экология департаментінің өкілдері студенттерге жүйенің жұмысын көрсетіп, оның маңызын түсіндірді. Мамандардың айтуынша, мұндай технологиялар экологиялық қауіпсіздікті арттырып, қоршаған ортаны қорғауға ықпал етеді.
Қанат Мұсапарбеков, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы
Мекеменің бірінші басшысы жұмыс туралы, қандай электр энергиямен қамтамасыз етеді, қай жерден көмір алынады сол туралы түсіндірді. Келешек мамандарды автоматтандырылған мониторинг жүйесімен таныстыру мақсатымыз. Бүгінгі келіп жаттқан студенттерге өте пайдалы келешегіне. Бұл білімнен бөлек, практикалық білім алған жақсы. Өздерінің білімдерін арттырып, болашақта нағыз маман болады деп ойлаймыз.
Экологиялық мониторинг жүйесін енгізу – аймақтағы кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға арналған маңызды қадам. Мұндай жобалар қоғамның экологияға деген көзқарасын жақсартуға және жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сабина Жолдаспаева