Павлодар облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерді мобильді байланыс және интернет желісімен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде облыстағы 352 ауылдың 97,4 пайызында ұялы байланыс бар. Алдағы жылдары облыс аумағындағы барлық ауыл интернет желісіне толық қосылады деп күтілуде.

Биыл Ақсу, Успен, Аққулы және Павлодар аудандарындағы бірнеше елді мекендері интернетке қосылды. Сондай-ақ Қараағаш, Қызылқақ, Сілеті және Шабар ауылдарында антенна-мачталық құрылымдар орнатылып, жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталмақ.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

0біздің облыс бойынша 207 ауыл кірді. Қазақ телеком мен министірліктің 9 маусымдағы меморандумына сәйкес биылғы жылы 53 ауылға интернет желі тартылу керек еді. Бүгінгі таңда өкінішке орай 3уі ғана тартылды.Бұның екінші кезеңі оптикалық кезең тарту. Екінші кезең әрбір үйге жаңағы осы желіні еңгізу

Сонымен қатар, биыл 42 ауыл мектебі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі. Алайда, кейбір елді мекендерде тұрғындар байланыс сапасын арттыру үшін өз бетінше репитор қондырғыларын орнатып алған. Бұл құрылғылар басқа байланыс желілерінің жұмысына кедергі келтіреді.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

бүгінгі таңда 8 қыркүйектк призендттің жолдауында. Арнайы ауылдарды аралап репторды алуды тексереміз.Көптеген ауылдарды репитор құртып отыр.

Айта кетейік, Аймақтағы туризм нысандары да назардан тыс қалған жоқ. «Жасыбай» демалыс аймағында бақылау-өткізу пунктінде сымды интернетке қолжетімділік нүктесі орнатылды. Ал биыл қазан айында «Кселл» операторы орталық жағажай маңындағы тау шыңына жаңа 4G базалық станция қойып, мобильді байланыстың сапасын айтарлықтай жақсартты. Келесі жылы «Берёзовая роща» және «Ата Баян» демалыс базаларында қосымша станциялар орнату жоспарланып отыр.

Дильназ Қуанышбекқызы