Түсті металлургия студенттеріне жаңа заманауи дәнекерлеу құрылғылары таныстырылды. Еуропа елдерінде жасалған құрылғыларды біздің ел тек биылдан бастап қана қолдануда.

Қазір бәрі дамыған. Оған мына түсті металлургия колледжінің студенттері тамашалап тұрған дәнекерлеуі құралдары дәлел. Мәселен, мына робот дәнекерлеуші автоматтандырылған. Дания мемлекетінде өндіріледі. Еуропалық бренд өнім.

Сергей Кунавин, дәнекерлеуші құралдарды сатушы компания өкілі

Біз қазір әлемде дәнекерлеу ісі дамып кеткендігін көрсеткіміз келеді. Көптеген инновациялдар енгізіліп, әрмен қарай де жетіліп жатыр. Біздің жас буын өкілдері де осындай заманауи құралдарды игеріп, ертең кәсіпорындарға жұмысқа барған кезде дайын маман болуына септігімізді тигізгіміз келеді.

Студенттерге алты түрлі дәнекерлеу құралдары таныстырылды. Кейбірі автоматтандырылған, кейбірі жартылай автоматты. Жеткізуші компания өкілдерінің айтуынша, бұларды қазір әлемнің әйгілі машина жасаушы кәсіпорындары қолданады.

Асылхан Дүйсекеев, өндірістік оқыту шебері

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттерге осындай заманауи жетістіктерді көрсетіп жатырмыз. Павлодар облысында осындай көрсетілім алғаш рет болып тұр. Түлектеріміздің заманауи, бәсекеге қабілетті болуын қалаймыз.

Бәрін ұқыпты тыңдап, көзбен көрген студенттер құрылғылардың қызықты әрі оңтайлы екендігін айтады.

Даниил Денежкин, студент

Өте ыңғайлы құралдар. Әсіресе лазерлік дәнекерлеу құрылғысы қатты ұнады. Тапашасы жеңіл, оңтайлы.

Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған байланысты бұл салаға жіті назар аударылып, кадрлердің білім - білігіне көп көңіл аударылду. Бұл шара да осы мақсаттағы қадамдардың бірі дейді колледж ұжымы.

Ж-С