Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтарында профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Бұл шараны өткізуге негіз бар дейді құтқарушылар. Өйткені, биылғы жылдың басынан бері өңірде 81 автокөлік өртеніп кетен. Оның 17-сі — газбаллоны орнатылған көліктер.
СТО-ларға бару барысында ТЖД мамандары автокөліктердің, соның ішінде газбаллонымен жабдықталған машиналардың өртену себептері туралы түсіндірді. Өкінішке қарай, мұндай профилактикалық шара өткізу қажеттілігі туындап отыр.
ТЖД қызметкерлері көлік иелеріне көлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін және темір тұлпардың өртенуіне себеп болатын негізгі факторларды еске салды.
СТО мамандары ең алдымен қозғалтқыш маңында шүберектерді қалдырмауға кеңес береді. Бұл көліктің өртенуінің басты себептерінің бірі. Сонымен қатар аккумулятордың клеммалары мықтап бекітілуі керек, ал сымдардың оқшаулауы ешқашан изолентамен жасалмауы тиіс.
Мүслім Қолымбаев, техникалық қызмет көрсету орталығының шебері
Суықта жиі сымның оқшаулауы қатайып, көлікті от алдырғанда қысқа тұйықталу орын алады. Жүргізушілер көбінесе қозғалтқыштың үстіне киіз төсейді, ал қысқа тұйықталу кезінде бұл көліктің өртенуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жанармай жүйесінің ережелерін елемеу де қауіпті. Егер шлангтар кеубіп кетсе, бензин ағуы мүмкін, ал жүргізуші СТО-ға бармай жүре берсе, соңы қайғылы жағдайға ұласуы ықтимал.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, егер төтенше жағдай қала аумағында орын алып, 101 немесе 112 нөміріне уақытылы хабар берілсе, өрт сөндірушілер көлікті құтқарып үлгереді. Әлібетте, ең дұрысы — өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау.