27 павлодарлық сарбаз Семей қаласында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, туған жерге аман-есен оралды. Сарбаздарды жақындары қуанышпен қарсы алды. Арнамыздың түсірілім тобыда осы сәтке куә болып қайтты.
Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген сарбаздар жүзінен қуаныштың, сағыныштың белгісі айқын көрініп тұр. Бір жыл бойы әскери қызметтің жауапкершілігін сезініп, тәртіп пен тәрбие мектебінен өткен азаматтар жауынгерлік дайындық барысында жоғары нәтижелер көрсеткен. Олар тактикалық және далалық жаттығуларда ерекше көзге түсіп, әскери шеберліктерін жетілдірген.
Саян Судьянов, 36803 әскери бөлімінің 3-ші ракеталық дивизион командирі
Менің сарбаздарым бір жыл бойы өте жақсы қызмет атқарды. Әскери тәртіпті, техниканы үйренді. Тактикалық, далалық оқу-жаттығуларына шығып, жауынгерлік атыс пен тапсырмаларды өте жақсы орындады. Және біздің дивизионның спортсмендері де болды. Қазақстан Республикасының жарыстарынан үздік және жүлделі орындар алғандар көп болды.
Қорғаныс істері департаменті өкілдерінің айтуынша, 27 сарбаз өткен жылы әскер қатарына шақырылып, Семей қаласында өз борышын адал атқарып, елге аман-есен оралып отыр.
Арман Дүйсенғалиев, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының офицері
Былтыр күзгі мерзімді әскер қатарына шақырылған азаматтарымыз бүгінгі таңда Отан алдындағы блрыштарын абыроймен өтеп, елге оралып жатыр. Біз әрине қуаныштымыз, ата-аналары және Қорғаныс істері департаменті атынан баршасына алғыс білдіреміз. Барлығы осы кеткен бағытымен толықтай елге келді.
Алтынбек Белгібаев, ата-ана
Менің ұлым Белгибаев Диас аман-есен елге оралды. Әскери басқармаға көптен-көп рахмет. Осылай баламды тәрбиелеп, үйге сау келгеніне, Әр отбасыда осындай қызық бола берсін, Отанымыз тыныш болсын.
Отан алдындағы борышын өтеп, елге аман оралған азаматтар – тәуелсіз елдің тірегі. Олар енді бейбіт өмірдің қадірін түсініп, туған жердің өркендеуіне әрі қарай да үлес қоспақ.
Қымбат Садық