Екібастұз қаласында есірткіге қарсы күрес жолында маңызды құжатқа қол қойылды. Қала әкімдігі мен прокуратура, полиция мен қоғам өкілдері арасындағы меморандум жастарды ғана емес жалпы қала тұрғындарын есірткі алды кеселден қорғауды көздейді.
Жастардың болашағына балта шабатын кесел көп. Соның бірі есірткі. Енді Екібастұздықтар оған бар күштерін біріктіріп күреспек.
Осылайша қала прокуратурасының бастамасы шаһар басшылығы тарапынан қолдау тапты.
Нашақорлыққа қарсы күрес әлібетте бұған дейін де жүргізіліп келді. Бұл меморандум оны әрмен қарай күшейтудің амалы. Бұл іске заматтар да ат салыса алады. Ол үшін тіпті ақшалай сыйақы да қарастырылған.
Екібастұз қаласында жыл абсынан бері 44 есірткі қылмысы тіркеліпті. Оның 18-і ауыр қылмыс. 60 кг нан астам есірткі заттары айналымнан алынған. 9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қалад биыл осынау кеселге қарсы 400 ден астам іс-шара өткен.