Қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасау білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі. Бүгінде өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 7 арнайы мектеп жұмыс істеп тұр. Онда 900-ден астам бала білім алуда. Толығырақ алдағы сюжетте.

Бүгінде инклюзивті біліммен 5457 бала қамтылған, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы санының 63 пайызын құрайды. Олардың ішінде 889 бала – мүгедектігі бар балалар.

Жібек Айтмұхаметова, Павлодар облыстық білім беру басқармасы балалар құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы

Облыстағы төрт психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 8670 бала тіркелген. Коррекциялық көмек көрсету үшін өңірде 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, олар 3000-нан астам баланы қамтиды. Сонымен қатар, 500-ден астам балаға қолдау көрсететін аутизм орталығы жұмыс істейді.

Білім беру ұйымдарында 953 бала бар, оның ішінде 806-сы қалалық, 147-сі ауылдық мектептерде оқиды. Арнайы мектептер ерекше жағдайды қажет ететін балалардың жеке оқу қажеттіліктерін ескеріп, оларға бейімделген білім беру ортасын ұсынады.

Елена Василенко, №1 балабақша-мектеп интернатының арнайы кешені КММ жетекшісінің орынбасары

Біз бес жылдан бері ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балаларды қабылдап келеміз. Соңғы жылдары мұндай балалардың саны айтарлықтай артты. Сондықтан біз бастауыш буында олардың сөйлеу қабілетін түзетуге ерекше көңіл бөлеміз. Бір-екі жыл ішінде балаларды жалпы білім беретін мектепке оқуға дайындаймыз.

Қазіргі таңда инклюзивті тәжірибелер балабақшаларда, жалпы білім беретін мектептерде және колледждерде енгізілуде. Мектептер жанынан 20 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, әр балаға жеке көзқарас пен педагогикалық сүйемелдеу қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 181,6 миллион теңге қаржыға облыстағы 7 арнайы мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуына жағдай жасау, олардың әлеуметке бейімделуін қолдау — өңірлік саясаттың маңызды бағыты болып табылады.

Дильназ Қуанышбекқызы