Бүгін облыс тұрғындары Екібастұзда анасының қолынан көз жұмған Милана Давыдовамен қоштасты. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады. Мән-жайы алдағы сюжетте.

Бүгін өңір жұртшылығы көпшіліктің жағасы ұстатқан сұмдық жағдайда көз жұмған 7 жастағы бүлдіршінді ақтыққа сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне Милананың әкесі, бұл жағдайға бей-жай қарамаған еріктілер мен жақындары қатысты. Қазір «баласын өлтірді» деген күдікпен анасы мен оның танысы қамауға алынған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұз қалалық білім бөлімінің мәліметінше, аталған отбасы күні бүгінге дейін қолайсыз отбасы ретінде тіркелген. Ата-анасы ішімдікке бұрыннан әуес. Анықталғандай балалардың туу туралы куәлігінде әкесі туралы мәлімет жоқ. Яғни заң жүзінде әкелегі расталмаған. Сондықтан қазіргі таңда екі бала уақытша ұстау орталығына жеткізілді.

Лаура Дүйсіпова, Екібастұз қаласы білім бөлімінің басшысы:

Білім бөлімі Татьяна Давыдованы ата-ана құқығынан айыруға ресми талап қояды және жарияланғаннан кейін балалардың одан арғы тағдырын қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешетін болады. Бұл отбасының жақын туыстары бар. әкесі алдағы уақытта өз құқықтарын талап ете алады.

Қолайсыз отбасы есебіне тіркелгендердің тұрғылықты мекен-жайлары мен кәмелетке толмаған жеткіншектердің күнделікті тұрмыс-тіршілігі үнемі тексерілуі тиіс. Павлодар облысының балалар омбудсмені өңір тұрғындарын бұндай жағдайларға бей-жай қарамауды сұрайды.

Наталья Покидова, Павлодар облысының балалар омбудсмені:

Бүгін біз жантүршігерлік оқиғаға куә болып отырмыз. Осы орайда өңір тұрғындарына бұндай жағдайларға, балаларға көрсетілетін заңбұзушылықтарға бей-жай қарамауларыңызды сұраймын. Балаларға дұрыс әріі жұмсақ қарым қатынас жасауларыңызды сұраймын

Еске сала кетейік, 7 жастағы бүлдіршінді іздестіруге өңір тұрғындары жұмыла кірісті. Алайда марқұм қыздың анасы баланың өлтіргенін, ал танысы бүлдіршіннің денесін көмуге танысы көмектескенін мәлімдеді. Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Анасы кінәлі деп танылған жағдайда 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ақмаржан Қалымбек