Облыста «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» аясында 300 іс-шара өтеді
Жастар зорлық зомбылықпен күресудің жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Өңірде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы салтанатты түрде ашылды. Онда жаңа идеялар ортаға тасталып, шешудің негізгі тетіктері айтылды.
Жылда 25 қараша мен 25 желтоқсан аралығында елімізде «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы жүргізіледі. Дәстүрлі түрде айлық аясында іс шаралар, форумдар, кездесулер, рейдтер ұйымдастырылады.
Акцияны жүзеге асырудың заман талабына сай тәсілдері ұсынылды. Жиналған жастарға кейстер табысталды, оның шешу жолдарын қатысушылар өздері айтты. Мәселен, соңғы уақытта сталкинг өршіп тұр.
Акцияның мақсаты - тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Айта кетейік, «зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында шаралар жалғасады. Павлодар обылысында осы айда 300-ге жуық іс шара жоспарланып отыр.
Самал Қалиқызы