Негізгі Жаңалықтар Қазақстандықтар өз еркімен әлеуметтік төлемдерден бас тартуда

Қазақстандықтар өз еркімен әлеуметтік төлемдерден бас тартуда

Елімізде табысы жоғары азаматтар әлеуметтік төлем алудан өз еркімен бас тарттуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ондай шешім қабылдаған тұлғалардың саны осы күні 900-ден асады. Бұл бастама мемлекеттік қолдауды оған көбірек мұқтаж азаматтарға бағыттауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, елімізде «Әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисі eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы іске қосылған еді. Соңғы деректере сәйкес, әлеуметтік төлемдерден көбіне тұрақты жеке кәсібі мен жоғары табысы бар, бірнеше жылжымайтын мүлік нысанына және көлік құралдарына иелік ететін азаматтар бас тартады. Айта кеткен жөн, әлеуметтік төлемдерден бас тарту – әр азаматтың өз еркімен қабылдайтын жеке шешімі. Бұл ретте, төлемдерден бас тарту азаматты болашақта мемлекеттік қолдау алу құқығынан айырмайды. Егер өмірлік жағдайы өзгеріп, материалдық ахуалы төмендесе, азамат кез келген уақытта жалпы тәртіппен жәрдемақы тағайындауға қайта өтініш бере алады. Сонымен қатар, интернет алаяқтарынан сақтанып, азаматтарға қауіпсіздік ережелеріне де назар салған жөн. Аталмыш қызмет тек eGov Mobile мобильді қосымшасы мен eGov.kz порталында ғана жұмыс істейді. Мессенджерлер немесе SMS арқылы «төлемдерден бас тартуға» арналған сілтемелер жіберілмейді. Сондықтан тек ресми ресурстардағы ақпаратқа сену қажет.


Дархан Бекишев



Бөлісу