Бірлік жолындағы бастамалар
Президент Жолдауы мемлекеттік органдарға арналған міндеттермен ғана шектелмейді. Онда әр азаматтың қоғам дамуына үлес қосуы да маңызды екені атап көрсетілген. Павлодар облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық белсенділікті арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларға атсалысып келеді.
Ортақ мақсат адамдарды бір арнаға тоғыстырады. Өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мәдени шаралармен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жұмыстарды жалғастырып, оған тұрғындарды кеңінен тартуды көздейді.
Иван Георгиади, «Қазақстан халық кеңесінің» мүшесі
«Қазақстан халық кеңесі» жанындағы «Бірлік» тобын басқара отырып, басты міндеттеріміздің бірі қоғамға пайда әкелетін игі бастамалар төңірегінде адамдарды біріктіру деп есептеймін. Жақында түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен жергілікті тұрғындардың қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясын өткіздік. Оның аясында ағаш көшеттерін отырғыздық. Алдағы уақытта да осындай шараларды ұйымдастырып, қалалар мен ауылдарды абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз.