Негізгі Жаңалықтар Павлодарда зорлық-зомбылыққа қарсы автошеру өтті

Павлодарда зорлық-зомбылыққа қарсы автошеру өтті

Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн акциясы аясында автошеру өтті. Жиырмадан астам темір тұлпар қала көшелерінен өтіп, қоғам дертіне айналған мәселеге назар аударуға шақырды. 



Павлодарда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы автошерумен Зеленая роща шаңғы базасы аумағынан басталды. Оған 20-дан аса көлік қатысты. Арнайы баннерлер мен үндеулер жапсырылған темір тұлпарлар шаһардың орталық көшелерімен жүріп өтіп, қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аударды. 

Зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, оған әрбір азаматтың жауапкершілігі қажет. Сондықтан павлодарлықтар назарын бұл мәселеге аудару үшін бұндай автошеру осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 

Мұндай бастамалардың басты мақсаты қоғамда бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы желтоқсанның 10-дейін жалғасады. 


Дархан Бекишев


Бөлісу