Негізгі Жаңалықтар Полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

Полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

Жедел түсірілім

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің қырағылығының арқасында бір отбасы қайғыдан аман қалды. Тілшіміз баяндасын.



Патрульдеу бағытында қызмет атқарып жүрген полиция капитаны Дәурен Қамзин мен полицияның аға сержанты Болат Бекмағамбет жеке тұрғын үйдің бірінен будақтап шығып жатқан қою түтінді байқайды.

Полицейлер уақыт жоғалтуға болмайтынын бірден түсініп, түтін шыққан үйді анықтаған соң, қоршаудан асып өтіп, ішінде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін үйге кірді. Үйде екі ересек адам мен бір бала болған. Ересектер ұйықтап жатқандықтан, үйде өрт шыққанын байқамаған.

Полиция қызметкерлері үй тұрғындарын оятып, қауіп туралы ескертіп, дереу өрт сөндіру қызметін шақырды. Олардың жедел әрекетінің арқасында отбасыға төнген қауіп туралы уақытылы хабар берілді.


Самал Қалиқызы


Бөлісу