Негізгі Жаңалықтар Облыстық «Шоқан оқулары» алтыншы рет өтті

Облыстық «Шоқан оқулары» алтыншы рет өтті

Ертіс ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде дәстүрлі облыстық «Шоқан оқулары» ғылыми-танымдық шарасы өткізілді. Қатысушылар алты бағыт бойынша білімдері мен дарындарын көрсетті. 


Жас ақындар, зерттеу жұмыстары, «Шоқан және қолданбалы өнер», сахналық көріністер, бейнероликтер және эссе номинациялары Шоқан Уәлиханов оқуларының бағыттары болды. Биылғы ғылыми шараға 120-дан астам қатысушы жиналды. Павлодар облысының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ, РФ Омбы облысының шекаралас ауылдарындағы мектептерден және де алғаш рет Алматы облысы, Алатау ауданынан қатысушылар келді.

Әр номинация бойынша I, II, III орындар белгіленіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды.




Бөлісу