Инсульт жасарып келеді
Өңірде инсульт ауруы жасарып келеді. Бұрынғыдай 60-65 жасқа келгендер емес, 20 жастағылар да инсульт алып жатыр. Бұны мамандар тамақтанумен, қозғалыстың аздығымен байланыстырады. Жалпы инсульттың алғашқы белгілері қандай? тілшіміз айтсын.
Инсульт — бұл миға баратын қан ағымының кенеттен тоқтауы немесе ми қан тамырларының жарылуы салдарынан болатын ми қанайналымының жіті бұзылысы. Яғни қан мен оттегі жетіспегендіктен ми жасушалары (нейрондар) бірнеше минут ішінде өле бастайды, сондықтан бұл өмірге аса қауіпті шұғыл медициналық жағдай болып саналады.
Жылына елімізде 49 000 – 53 000 адам инсульт алады. Әлемде шамамен 12 млн жаңа жағдай тіркеледі. Науқастардың 60–80%-ы мүгедек болып қалады, тек 8–10%-ы ғана бұрынғы өміріне толық оралады. Соңғы кездеру инсульт жасарып келеді, кейді дәрігерлер.
Инсультың екі түрі бар, ишемиялық және гемаррагиялық. Бірі қан тамырларының бітелуінен, екіншісі қан тамырларының жарылуынан пайда болады.
Инсульттан кейін оңалту бұл науқастың жоғалған қозғалыс, сөйлеу және күнделікті өмір дағдыларын қалпына келтіруге бағытталған кешенді емдеу кезеңі. Бұл процесс пациенттің жағдайына байланысты дейді, мамандар.
Самал Қалиқызы