Облыс орталығында жастарға шағын несие беру үшін бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі кезекті отырыс өтті. Жиында жастардың 5 жобасы қаралды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Жастарға 2,5 пайыздық шағын несие беру бойынша өтінмідер сәуір айынан бастап қабылданды. Бүгінгі дейін құны 736 млн теңгеге 168 жоба мақұлданған. Жиынға басшылық еткен Айзада Құрманованың айтуынша, бұған дейін қайтарымсыз грант пен басқа да мемлекеттік қолдаудың игілігін көрген жастар биыл да шағын несие алу үшін ниет білдірген. Жалпы микрокредит алу үшін 200 астам өтінім түскен.
Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:
Мақұлданған жобалардың 108-і ерлі-зайыптылар, басым көпшілігі жас отбасы. 300-ге жуық игілігін көріп, өңір экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді
Микрокредит жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту мақсатында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Шағын несие алу үшін кәсіпкер кепілмен қамтамасыз етілуі және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Мамандардың айтуынша, бизнес жобаларын ұсынған жастар ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берген.
Альмира Дисюпова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Жыл басынан келген өтінімдердің басым бөлігі ауыл шаруашылығын, яғни мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Ал қалалық жастар қызметкөрсетуге басымдық береді. Бұл полиграфия, фудкорт ашу және автокөлік жөңдейтін орталықтар. Бұл бастама жастарға өз кәсібінашып, ары қарай дамытуға үлкен мүмкіндік береді деген сенімдемін
Мәселен Нұрқанат Қайрош құм блогын дайындауды кәсіп етті. Жұмысын осыдан 3 жыл бұрын дөңгелете бастады. Шағын несие алудағы мақсаты - жұмысына қажетті техника алу.
Ақмаржан Қалымбек