Жұқпалы вирустың инфекциялар өршіп тұрған уақытта қандай витаминдер ішкен жөн? Адам ағзасына оның пайдасы қандай? Алдағы сюжеттен біле аласыздар.
Дәрумен жетіспеушілігін адамның сырт келбетінен және көңіл күйінен байқауға болады дейді мамандар. Мезгіл аралық маусымда иммунитет төмендеп дәрумен қоры тауысады. Әлсіздікпен түрлі сырқаттың себебі осы. Бұл уақытта қандай витамин ішкен абзал? Бұл сұраққа мамандар жауап берді.
ЖАНАР СЫДЫҚОВА, ИММУНОЛОГ ДӘРІГЕРІ
/Дәрумен деген қажеттілікті, адам ағзасына зор топқа жататын. Дәрі дәрмектер болып есептеленеді. Дәрумендер жалпы медицинада мен өзім балалар дәрігері болып істегендіктен түрлі дәрумен 13 топтағы медицинада қолданылады. Дәрумендердің адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Неігзі мен өзім бала дәрігері ретінде жүктілік кезінен бастап ана бала көтерген жағдайда .. бала ағзасына қажетті Д дәрумені болып есептледі. Іштегі бала дамығаннан бастап өте қажетті дәрумен.
Д дәруменнің пайдасы зор. Дәлірек айтсақ, ол біз тұтынатын тамақтан кальций мен фосфордың ағзаға сіңуіне ықпал етеді.Сондай-ақ, Д дәрумені иммунитетті нығайтады. Көңіл күйіңіз күрт түсіп, ашуланшақ болсаңыз онда сіздің ағзаңызға Д дәрумені қажет. Сондай-ақ бұл витаминді күн сәулесі деп атап кеткен. Яғни Солтүстік өңірлерде ультракүлгін күн сәулесі аз түседі. Айта кетейік, витаминдер 2 топқа бөлінеді.
ЖАНАР СЫДЫҚОВА, ИММУНОЛОГ ДӘРІГЕРІ
Дәрумендер екі топқа бөлінеді. 1 топ май еріткіш топ.. 2 ші су еріткіш болып екі топқа бөлінеді. Адам ағзасы көру есту, жұқпалы инфекция аурулардан, басқадан Д дәрумені сүйек қатайтады. Баланың өсуіне ой дамуына нерв жүйесі өте зор маңызы бар.
Ал А витамині иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді. Және зат алмасу үрдісін тұрақтандырады. Бұл дәруменнің жетіспеушілігі адам денсаулығына әсер етіп, тұмау, жұқпалы инфекция, көз және тері ауруларына әкеледі. А дәруменін ет, балық, уылдырық, сары май және ірімшіктен алуға болады.
Мамандар дәруменді қабылдау алдында қан талдауын жасап, дәрігермен кеңесу қажет екенін айтты.
Әйгерім Тоқпанқызы