Павлодардағы номері 45 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұрынғы мектеп оқушылары, қазіргі тұтқындар. Ал, олардың өзгеше өмір салтын қабылдау кезеңі қалай өтті. Жасаған қылмыстары үшін өкіне ме? Келесі материалымызда.
Қауіпсіздігі орташа колония 800 сотталушыға арналған. Қазір 620-дан астам адам жазасын өтеуде. 9 тұрғынжай кешенінде әртүрлі жиһаз бұйымдарын жасаумен айналысатын өндіріс алаңы бар. Барлық жұмыс ең төменгі жалақы мөлшерінде төленеді. Тапқан қаражат сот ісін жүргізуге және жеке қажеттіліктерге жұмсалады. 29 жастағы тұтқын Александр Шлей табысын әйеліне жібереді. Түрмеде ол экологиялық таза ойыншықтар жасайды.
АЛЕКСАНДР ШЛЕЙ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
2021 жылы сәуір айында тұтқұндалдым. Жаза өтеу мерзімімі 7 жыл. Осында өндіріс аумағы бар екенін біліп, келуге шешім қабылдадым. Балабақшаға арналған орындықтар жасаймын. Таза ағаштан.
Александрдың жаза мерзімінің аяқталуына 3 жыл 10 ай қалды. Жиһаз бұйымдарынан бөлек колония жазасын өтеушілер үшін жеке киім-кешек пен төсек-орын жабдықтарын шығарады. Түзеу мекемесінде психологиялық көмек бөлмесі бар. Сонымен қатар жас сотталғандарға арналған мектеп пен колледж де жұмыс істейді. Сотталғандардың бірі 19 жастағы Батырхан Марупхан 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
БАТЫРХАН МАРУПХАН, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Жеңіл ақшаға құнығып жүріп, қателік жасап жүргенімді білмедім. Осында келген соң бәрі оның жақсы емес екендігін түсіндірді. Анам үшін көбірек алаңдаймын. Әпкем үшін де.
Павлодардағы номері 45 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің басым бөлігі Павлодар мен Ақмола облысының тұрғындары. Тұтқындардың көпшілігі 30 жасқа толмаған.
ҚУАНЫШ КӨШЕБАЕВ, №45 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
Біздің мекеме қала ішінде орналасқан. Сотталғандар өздерінің барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыра алады. Тігіншілік бар, қолданбалы өнер үйірмесі және басқа да көркемөнерпаздар ұйымдары бар. Шағын концерттер мен көрмелер өткіземіз. Бізде қашу оқиғасы тіркелген жоқ. Алдын-алу шаралыр қамтылған. 700 ден астам камера орнатылған.
Мекеме қабырғасында ауырлығы орташа және ауыр қылмыстарды қасақана жасаған адамдар жазасын өтейді. Сотталған қылмыстардың негізгі түрлері ұрлық, тонау, денсаулыққа зиян келтіру және есірткі тарату.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров, Алексей Мехедов, ЕА.