Қазіргі уақыт – электронды технологиялар дамыған заман. Олардың көмегі түрлі салада қажет болуы мүмкін. Мәселен, соттың қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін «сот кабинеті» жүйесі жұмыс істейді. Оның жұмысы жайында тілшіміз баяндайды.
Сот кабинеті – сот ісін жүргізуді жеңілдету және оны азаматтар үшін қолжетімді ету мақсатында іске асырылатын сервис. Азаматтар ол арқылы өтініш, арыз, шағым немесе хаттарды жіберіп, іс барысын толық бақылай алады.
ДАМИЛЯ ӘБІЛҒАЗЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ МАМАНЫ
«Сот кабинеті – Қазақстан республикасының барлық сот органдарына қолжетімділік беретін жүйе. Ол арқылы талап арыздар, өтініштер, аппеляциялық шағымдар жіберуге болады. Қызметі жағынан сот кеңсесі сияқты, тек интернет арқылы жұмыс істейді. Басты артықшылығы – кез келген тұрғын үйінен не жұмыс орнынан шықпай-ақ, өтініш, арыз т.б. жібере алады. Сол арқылы уақытты зая кетірмей, сот органына келмей қызмет алу мүмкіндігі бар»
Маманның айтуынша, сот кабинеті қызметін заңды тұлғаларға қарағанда, жеке тұлғалар жиі қолданады. Оған бірнеше себеп бар.
ДАМИЛЯ ӘБІЛҒАЗЫМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ МАМАНЫ
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінгендердің басым бөлігі – жеке тұлғалар. Олар, жалпы алғанда, сот көмегіне сирек пайдаланады. Себебі, сот ісінің не екенін, оның қалай жүзеге асатынын түсінбеуі мүмкін. Сондай-ақ, құқықтық білімі аз болуы мүмкін. Осы сотта жиі қаралатын жағдайлар – неке бұзу, алимент төлеу мәселелері. Оны шешу үшін тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына барады, ал олар өз кезегінде істі сотқа жібереді. Осындай жағдайда сот кабинетін пайдалану азаматтарға ыңғайлы болады.
осылайша, жаңа ақпараттық технологиялар сот ісімен үйлесім тауып, тұрғындарға қызмет көрсетуді қолжетімді етіп отыр. Сот кабинеті сервисін пайдалану үшін ғаламтор мен гаджет керек. Жүйеге электронды қолтаңба арқылы тіркеліп, қызмет алуға болады.
Жұлдыз Қабылденова