Облыс орталығына елік кіріп, көшеде жүрген. Бірақ тұрғындар мен техникадан үркіп, мектеп маңайын паналаған. Білім ордасы маңынан табылған дала еркесінің ендігі жағдайы қалай болады? Ол туралы – келесі сюжетте.
Бүгін сағат он жарымда облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына қала елік жүргені туралы хабар түскен. Адасып кеткен жануар мектептердің бірінің жанынан табылған. 30 минут ішінде мамандар келіп, елікті ұстап, орман шаруашылығына жіберді. Жабайы жануарды ұстау кезінде қауіпсіздік ережелері сақталды. Енді ветеринарлар оның жағдайын тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды.
Мамандар жануардың жағдайы туралы мәліметті tabigat_pv парақшасына орналастыратын болды. Дала еркесінің жайын 8-777-001-05-79 жедел телефон желісіне хабарласу арқылы да білуге болады. Сондай-ақ, елді мекен маңы не ауладан жабайы жануарды байқасаңыз, осы нөмірге хабарласуға мүмкіндік бар. маман жануарды үркіткіп алмау үшін қатты жақындамай, суретке түсіріп, басқармаға жіберу керектігін ескертті.
Жұлдыз Қабылденова