Өңірге экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев келді. Ол БАҚ өкілдерімен кездесіп, пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.Толығырақ алдағы сюжетте.

Павлодар өңірі жоғары техногендік ластануға бейім. Мысалы, зиянды заттар шығарындыларының шамамен 95%-ы отын-энергетика кешені, металлургия және мұнай-химия кәсіпорындарына тиесілі. Жалпы алғанда, облыстың барлық зауыттары токсиндердің үштен бірін шығарады екен.

ЖОМАРТ ӘЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Мемлекет басшысы облыстағы барлық кәсіпорындарынан қоршаған ортаға ремиссияның жалпы шығарындыларының көлемі туралы айтқан. Ол 730 мың тонна деп есептелді. Бұл көрсеткіш жылдан жылға арта беруі мүмкін. Себебі жыл сайын Экологиялық кодекстің талаптары күшейтіледі

Былтырғы жылы шекаралас Ақмола мен Павлодар облысындағы Өлеңті өзеніне кәсіпкер бөгет жасаған. Соның салдарынан, Ақкөл-Жайылма ауылына су жіберілмей, қиыншылық тудырды. Мұндағы бірнеше көлдерде балықтар тірішілік етеді. Оларға су жетпей, құрғақшылық туындаса, бұл экология үшін де қауіп.

Сонымен қатар, өңірімізде туристер көптеп келетін Баянауыл ауданындағы әкімшілікте эколог маман жоқ деседі. Бұл мәселені қалай реттеуге болады? Министрдің айтуынша бірқатар шаралар қабылданып жатыр.

Павлодар өңірі өндірісті аймақ. Сондықтан, қалдықтардың, улы түтіндердің қайнар көзі мол. Оның салдарынан облыс онкология бойынша көш бастап тұр. Осы орайда аймақта түрлі зауыттардың салынуынан бұрын оның қоршаған ортаға тигізетін зияны да анықталады дейді вице-министр.

Ірі кәсіпорындардың ең озық технологияларды енгізуі, қалдықтары жою сияқты шаралар бұл тұрғыда аса маңызды. Жұмыс сапарымен келген вице-министр тұрғындармен де жеке кездесу өткізді.

Қымбат Садық