Павлодар облысы бойынша балалар арасында шахматтан чемпионат басталды. Турнирге өңірдің түрлі ауылдары мен аудандарынан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысып, өз шеберліктерін сынауда.
Бұл жарыс жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылған. 7 ден 17 жасқа дейінгі балалар бірнеше санатқа бөлініп, шеберліктерін көрсетуде. Турнирдің басты мақсаты-шахматты дамыту, балалардың стратегиялық ойлау қабілетін жетілдіру және жаңа таланттарды анықтау.
АРЫСТАН КАПАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Мына жарысқа 130 дан аса адам қатысып отыр. Әрбір өңірден Май Аққулы ЖелезинБаянауыл Шербақты Успенка барлық ауыл- аудандардан келіп отыр енді 7-9-10-11-13-17 жасқа дейін өткізіп жатырмыз. Енді ойын бойынша рапит бойынша 2 күн өтеді. Сосын блиц өтеді. Жексенбі күні бітреміз. ЕНді әрбір жаттықтырушыға да оқушыларға да бұл жақсы мына жарысқа шығатыны.
САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА, ТІЛШІ
Ойын жүріп жатыр, әр қатысушы мұқият ойлануда. Бұл жерде тек шахматтың ережелері ғана емес, нағыз психологиялық шайқас байқалады. Әр ойыншының санасында мыңдаған стратегия есептеліп жатыр. Бір қате қадам – жеңіске жетуге кедергі болуы мүмкін. Ал мұнда жеңіс тек ең мықтының еншісінде.
Бірқатар балалар үшін бұл алғашқы жарыс болса, тәжірибелі ойыншылар өз мүмкіндіктерін шыңдауға келген.
НҰРХАН БЕКТАС, ҚАТЫСУШЫ (АҚТОҒАЙ АУДАНЫ)
Өзім 3-4 жыл болып қалды. Неге шахмат десеңіз, менің өзімнің ағаларым осы шахматты ойнайды. Сосын әкемде осы спортқа әкелді. Әкем әкелгелі бері осы шахмат ойыныны ойнап клеемін. Былай айтқанда шанстар бар. қатты болмаса да тырысып көремін. Мысалф айтқанда дебюттер қатты ұқолданбаймын. Өзім қалай үйрендім солай ойнаймын.
Айта кетейік, Турнир 3 күнге созылады. Әр күнде ойыншылар бірнеше партия өткізіп, өз рейтингін арттыруға тырысады.
Сабина Жолдаспаева