«Ақ жаулығым киелі» атауымен кимешек байқауы өтті. Шараның өтуіне «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлістігі ұйытқы болды.
Әз аналардың бұл байқауының өскелең ұрпаққа берері мол. Сән-салтанатымен безенділіріліп, тастармен көмкерілген ұлттық бас киімдер көздің жауын алды. Кимешек байқауына 20-ға жуық қолнерші қатысты. Киімнің киелісі –кимешек. Оның мән-маңыздығын насихаттау мақсатында өткен байқауға әр қала мен аудандардан қолөнершілер қатысты. Онда қолдан заманға сай келетін кимешек тігу басты талаптың бірі болды.
ГҮЛАЙЫМ АҚЫМБАЕВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ ШЕБЕРҚОЛ АНАЛАР ЖЕТЕКШІСІ
Біздің жастарымыз әрі қаарй осы ұлттық киімдердің мәртебесін көтеріп, дәріптеп жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестік, онда 180-нен астам филиал бар екен. Ал бізде 40-қа жуық шеберқол аналар бар
Мәселен, қыз баланың бас киімі — қасаба, тақия, кәмшат бөрік, қалыңдық сәукелесі, келін орамалы, жаулығы, әжелердің кимешегі туралы тың ақпараттар да айтылды. Байқауға қатысушылардың бірі Айжан Рамазанқызы. Ол Кенжекөл ауылындағы «Асыл қазына» клубының мүшесі. Қолөнермен айналысып жүрген ол кимешек тігу қиындық туғызбағанын айтады.
Шараның жас ұрпаққа берері мол. Ең алдымен ұлттық киімді насихаттайды. Жастардың біліп, есте сақтап жүруінде де маңызы зор. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай шараны көптеп өткізуге ниетті.
ХАДИША ДӘНДІБАЕВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ МҮШЕСІ
Қазақ халқы өзі бас киімге өте ерекше назар аударған. Өйткені бұл қазағымыздың рухани байлығы. Бас киімді басуға болмайды, айналдыруға, біреуге бере салуға болмайды. Бұл үлкен іс-шараның маңызы зор. Өйткені біз ұлттық құндылықты жастарға аманат ету, түсіндіру, жолын көрсетуде ерекше іс-шара
Сондай-ақ, шара барысында ұлттық бас киім дефилесі өтті. Онда ең әдемі бас киім түрлері көрсетілді.
Қазақ әйелдерінің ақ жаулығы ғасырлар өтсе де тектіліктің, даналықтың және ой тазалығының бейнесі әрі киелі болып қала бермек.
Қымбат Садық