Облыстық мәслихат депутаты кезекті рет азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Тұрғындарды мазалаған сұрақтар қандай болды? Алдағы сюжеттен көрейік.

Аманат партиясында қоғамдық қабылдау тұрақты түрде іске асады. Ал облыстық мәслихат депутаты өз округіндегі азаматтармен жеке қабылдауды әр ай сайын 1 рет өткізеді.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Біз өзіміздің қолымыздан келгенше тиісті депутаттық сауал жолдап, немесе мемлекеттік органдарды осы жерге шақыру арқылы азаматтардың мәселесінің оң шешімін табуға көмектесеміз. Бұл азаматтардың «Аманат» партиясына келіп шағымдануы, мәселесінің шешілуі және халықтың партияға және жергілікті атқарушы билікке деген сенімінің артуына оң ықпалын тигізеді

Жеке қабылдауда азаматтар баспана, еңбек дауы, жайылым туралы мәселелерді көтерді. Оған жауапты саланың қызметкерлері де қатысып, түсіндірме жұмыстарын өткізді.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Сұрақтар қарастырылды. Сол мәселеге жауапты органдар келіп қатысты. Қейбіреуіне көмек беріледі, кейбіреуіне осы мәселе жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, мәселе көбіне оң шешімін тауып жатады

Халық қалаулысы тұрғындардың талап-тілегін зейін қоя тыңдап, терең талқылады. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер ескерусіз қалмайтындығы айтты.

Қымбат Садық