Екібастұз өңірінің барлық ауылдық және қалалық мектептерінде "Ел баласы" жобасы қолға алынды. Оның аясында сынып сағаттары өтті, оған жергілікті атқарушы, құқық қорғау, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер мен депутаттар қатысты.
Жоба жас ұрпақтың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, табысты жандардың өмір жолымен танысып, олардың жетістікке жету құпияларын білуге мүмкіндік береді. Осы ретте Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин Екібастұз қаласындағы дарынды ұлдарға арналған көпсалалы лицейге барып, 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кездесті. Балалармен сұранысқа ие мамандықтар туралы, болашақ мамандықты таңдағанда не нәрсеге назар аудару керектігі туралы әңгімелесті.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы бүгінгі кездесудің мен үшін мақсаты мемлекеттік қызметтің қыр-сырын айту. Осы кішкентай қала, аудан өзінде жарық, су, канализацияның қалай жұмыс істеуі өте қызықты болады деп ойлаймын.
Осы ретте Екібастұз қаласының әкімі өзінің еңбек жолын, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратымен бөлісті.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы мемлекеттік қызметке келетін болсақ. Оның бірнеше бағыт бағдары бар. Әкімшілік мемлекеттік қызмет бар, бұған президент әкімішілі, үкіметте, министрліктерде, жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін азаматтардың барлығы осыған жатады. Одан басқа, құқық қорғау органдары бар. Оның ішінде полиция, ТЖД, погон киетін барлығы айтуға болады.
Кездесу барысында мектеп оқушылары қала әкіміне еркін форматта өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
«Ел баласы» жобасын Екібастұз қаласы әкімі Аян Уахитұлы өзі қолға алған. Осылайша мамандық таңдайтын жастарға бағыт бағдар беру көзделіп отыр.
ЕРНАР АРЫНОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ДАРЫНДЫ ҰЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӨПСАЛАЛЫ ЛИЦЕЙДІҢ ОҚУШЫСЫ
Жалпы бүгінгі іс шара маған ұнады. Себебі 21 ғасырда мамандық әр оқушыға маңызды. Осындай кездесулер жиі бола бермейді. Болашақта осындай шаралар көп өту керек.
СЕРІК ҚАЛДЫХАН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ДАРЫНДЫ ҰЛДАРҒА АРНАЛҒАН КӨПСАЛАЛЫ ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Ерекшелігіміз оқушыларды емтиханмен қабылдаймыз. Кейбір пәндер ағылшынша өтеді. Ең жақсы деген ЖООға түсуге тырысады. Біз соған бағыттаймыз.
Күн сайын «Ел баласы» жобасы аясында екібастұздық оқушылар сот төрағаларымен, қала прокурорымен, депутаттармен, мемлекеттік органдардың, ірі кәсіпорындардың басшыларымен, бизнесмендермен тікелей қарым-қатынас жасауы үшін кездесіп тұрады.
Самал Қалиқызы