Павлодарда зорлық зомбылықсыз 16 күн акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Оқушылар сарайы алаңында ювеналды сот, полиция департаменті қызметкерлері, білім саласының өкілдері жиналды. Негізгі мақсат қоғамда белең алған әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу.

Зорлық-зомбылық фактілері әлеуметтік желі дамыған сайын көп тіркеле бастады. Қоғам қандай да бір дискримининация, зорлық зомбылық туралы ашық айтудан қорықпайтын кезеңге өтті. Соған қарамастан әйелдер мен балаларға қатысты адам шошырлық жағдайлар әлі де кездесіп тұрады.

БАҚЫТЖАН ТҰРСАРИНОВА, ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Бүгінгі күнде 3400-ге жуық азамат әкімішілк құқықбұзушылық кодекстің баптарымен өтіп отыр. Осы баптар бойынша 56 агрессор жауапркешлікке тартылыр отыр. Озы азаматтардың азаматшаларымен психолгтардың көмегімен біраз ауқымды жұмыс жүргіздік деп айта аламыз. 13 әйел оңтайландыру бейімдеу жұмыстарына өтіп, қоғамдағы қызметіне оралып тіршілігін жалғастырып жатыр. 450-ге жуық алкогольдік, нашақорлыққа бой ұрған азаматтар , психологиялы ауытқулары бар тұлғаларды тексеріс жүргізіп.

Диалог алаңында мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері, ата-аналар, мектеп мұғалімдері, психологтар қатысты.

САМАЛ ӘЛІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Зорлық зомбылықсыз 16 күн акциясы аясында «Зорлық зомбылықсыз үй» тақырыбында кездесу өтті. Бұл халықаралық шара 25 қарашадан 10 желтосқанға дейін жыл сайын өтеді. Бұл уақытта зорлықтың зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларға дискринимация жасауға қарсы шаралар ұйымдастырылады. Негізгі мақсат зорлық зомбылыққа назар аудару, оның салдарын айтуға бағытталған.

Кездесуге қатысушылар онлаин форматта да қосылды. Келушілер спикерлерге сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Зорлық зомбылық туралы заң қатаңдатылғанмен біздің елде мәселе өзекті. БҰҰ мәлемітнше жылына 400 әйел зомбылық салдарына қаза табады. Әрбір 8 әйел зорлықтың құрбаны. Ең өкініштісі олардың көбісі уақытында көмек сұрауға асықпайды.