Жыл басында облыстық кітапхана «Mi trend» интеллектуалды жобасын бастаған еді. Онда бірнеше сала мамандарынан құралған командалар іріктеліп, үздік топтар финалдық кезеңде кездесті.

Интеллетуалды сайыстың «Дода» атты ақтық сынына мәдениет қызметкерлері, білім беру саласы, құтқарушылар мен медиа саласының өкілдері қатысты. Сайыс арқылы қатысушылардың танымдылығы да арта түсті.

АЛПЫСБАЙ ХОНЖ, СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Біздің басты мақсатымыз осы интелектуалды ойын арқылы әсіресе жастарды кітап оқуға, зиялы қауым ретінде үндеу, кітап мәдениетін қалыптастыру және кітапханаға тарту

Мұндай форматтағы зияткерлік сайыстың сұрақтары қатысушылардың мамандықтарына сай құрастырылды. Онда ұмыт болған салт-дәстүрден бастап, логикалық сұрақтарда көптеп кездесті.

АЛПЫСБАЙ ХОНЖ, СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл квиз ойынының ең басты ерекшелігі тақырыпта шектеу жоқ, әртүрлі тақырыптарда сұрақтар қойылады. Ішінде қызықты, логикалық сұрақтар да бар. Салт-дәстүр, мәдениет пен әдебиетке, киноға, кітаптарға қатысты қызықты сұрақтар да кезікті

Тапқырлық пен шапшаңдықты, терең ізденісті қажет ететін сайысқа қатысушылар да тыңғылықты дайындықпен келген.

Жыл басынан бері басталған сайыстың нәтижесінде мәдениет саласының қызметкерлерінен құралған «Шаңырақ» командасы жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар мұндай интеллектуалды-квиз алдағы уақытта да өткізбек.

Қымбат Садық