Өңіріміздің агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып келеді. Осы орайда сала мамандарын дайындау осы стратегияның маңызды бөлігіне айналады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында мемлекет басшысы кадрларды даярлаудағы тәсілдерді жаңарту қажеттігін атап өтті. Павлодардың оқу орындары қазірдің өзінде бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы елімізде жоғары білікті кадрларды даярлау арқылы агроөнеркәсіптік сектор белсенді дамып жатқанын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлауға үлкен көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуда. Оның төртеуінде халықаралық бағдарламалар бойынша сұранысқа ие ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар – агрономдар, мелиоранттар, биотехнологтар мен экологтар дайындалады.

Бұл міндеттер жергілікті жерлерде де жүзеге асырылуда.

АЙГҮЛ БАЙЖҰМАНОВА, «ЕРТІС» КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Ұстаздарымыздың біліктілігін арттыру үшін облысымыздағы, еліміздегі жетекші кәсіпорындарда ғана емес, сонымен қатар шетелде тағылымдамадан өтуді жоспарлап отырмыз. Келесі кезекте біздің міндеттерімізде халықаралық салалық аккредитациядан өту жоспары бар. Бұл бізге не береді? Бұл студенттерге оқуды бітіргеннен кейін халықаралық стандартты сертификат алуға мүмкіндік береді. Келесі кезекте талапкерлерді қабылдауды арттыру

Айта кетерлігі, «Ертіс» колледжі жас мамандарды дайындап қана қоймай, өңірдегі жылыжай шаруашылығындағы кадр тапшылығы мәселесін шешуде. Былтырдан бері білім ордасы жылыжай кәсіпорнының қазіргі жұмысшылары арасынан студенттерді қабылдап жатыр. Директор атап өткендей, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің Бірінші форумы саланы дамытуға жаңа серпін қажет екенін растаған маңызды оқиға болды.

АЙГҮЛ БАЙЖҰМАНОВА, «ЕРТІС» КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Расында, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы маған қатты әсер етті. Ал, Мемлекет басшысы атап өткендей, біз ауыл шаруашылығы саласын дамытуға тың серпін беруіміз керек. Біз ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті, озық салаға айналдыруымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін біздің колледж негізгі негізгі рольді атқаруы мүмкін

Ертіс өңіріндегі колледждер мен жоғары оқу орындары білім саласына заманауи тәсілдер енгізіп, ауыл шаруашылығының экономиканың негізгі саласы ретіндегі тұғырын нығайтуда.

Жанасыл Серікбол