Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі масаң күйінде мемлекеттік нөмірлі көлікпен ұсталып, енді қызметтік лауазымынан босатылатын болды. Бұл туралы тәртіптік іс әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңесте 2 тәртіптік іс қарастырылды. Алғашқысы Павлодар облысының ауыл әкіміне қатысты болды.

МҰРАТ БАЙМОЛДИНОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

2024 жылдың 26 қазанында таңғы сағат 5.40-та азамат Кендебай қызметтік автокөлігін алкогольдік мас күйде тізгіндеген. Талаптары бұзылғаны байқалды.

Қызметтік тергеп тексеру барысында мемлекеттік қызметші кінәсін толық мойындады. Тілеуғали Кендебай Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі ретінде 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап қызмет атқарады. Қолданыстағы тәртіптік жазасы жоқ.

АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Ақсу қаласының әкімі Шәріповке әдеп жөніндегі талаптарды бұзуы бойынша мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылсын. Тиісті шаралар қабылдансын.

Осылайша комиссия мүшелері бірауыздан мемлекеттік қызметкерді лауазымды қызметінен босату туралы ұсынысты қолдады. Кезекті тәртіптік іс Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асылбек Түлебаевке қатысты болды. Успен ауданы Қаратай мен Вознесенка ауылдарында су құбырлары құрылысын жүзеге асырудың заңдылығы прокурорлармен тексерілді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

УРУС-ХАН МЕРЖОЕВ, УСПЕН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

2022 жылдың 20 қазанында тапсырыс беруші мен «Казеврострой» ЖШС арасында Успен ауданы қаратай ауылында ысртқы су құбыры желілерін салу жобасы бойынша жалпы сомасы 461,4 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалды. Өз кезегінде Мердігер келісімшартқа қол қойғаннан кейін кейін 2 жыл бойы қаратай ауылында су құбырының құрылысы белгіленген мерзімде аяқтамады. Прокуратурамен тексеру кезінде жалпы құны 112,4 млн болатын жұмыстар жүргізілмегені анықталды.

Бөлім басшысына қатысты тәртіптік іс нәтижесі бойынша, мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босату ұсынылды. Сонымен, кеңесте мемлекеттік орган басшылары баяндама оқып, тақырыптық талдау нәтижелері талданды.

Самал Қалиқызы