Ауыл шаруашылығы заманға сай дамуы керек. Оған мемлекет мүдделі. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің алғашқы форумына қатыстып қайтқан шаруа Әсет Қайырбеков Президенттің осы бастамасын құп алады. Экранға зер салайық.
«Киров» шаруа қожалығы 2006 жылы құрылған. Ірі қара өсіріп сүт өндірісіне үлес қосуда. Сементал тұқымды сиырдың күніне 30 тоннаға жуық сүтін нарыққа өткізеді.
ӘСЕТ ҚАЙЫРБЕКОВ, «КИРОВ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Фермамаыздың қызметкерлері Рождественко ауылдық округінің тұрғындары. Жиыны 250 адам жұмыс істейді. Осы қожалықтың барық шаруасын жергілік тұрғындар істейді.
Әсет Қайырбеков жақында Президенттің қатысуымен өткен республикалық формуға қатысып қайтты. Онда айтылған әр мәселенің маңызды екендігін айтады.
ӘСЕТ ҚАЙЫРБЕКОВ, «КИРОВ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Президент ауыл шаруашығы кешендерінің дамуына айрықша басымдық берді. Бұл уақыты әрі қажетті бастама дер едім. Бізде ауыл шаруашығын дамытудың барлық мүмкіндігі бар.
Агробизнесті дамыту үшін берілетін 5 пайыздық несие өте тиімді екендігін айтады шаруа. Мемлекет пен бизнестің серіктестігі арқылы да көптеген жетістікке жетуге болатындығын да айтады.
Жанасыл Серікбол