Биыл Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші артып, инвестиция көлемі өсті. Бұдан бөлек егін бітік шығып, қамба өнімге толды. Бұл жайында «Әкім сағаты» жобасына қатысқан Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов айтты.
Железин ауданының жері құнарлы, малға жайлы аудандардың бірі. Биыл 204 мың гектар жерге егін, 41 мың гектар алқапқа күнбағыс себіліп, жиналды. Шаруалар мол өнім алып, ауданның әлеуетін дамытты.
АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінгі күні 204 мың гектар жерге егін себілген болатын. Бүгінгі күні барлық егін жинау науқаны аяқталды. 161 мың тоннадай дәнді дақылдар жиналды. 7 мың тоннадай күнбағыс жиналды. Картоп, сәбіз өнімдері жиналды. 40 мың тоннадай көкөністер қоймаға сақтауға қойылды.
Жыл сайын ауданға тартылатын инвестиция арта түсу керек. Биыл бұл меже артығымен орындалып, 1,5 млрд өнім өндірілді.
АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Өткен жылмен салыстырғанда 160 пайызға өсіп. 14 млрд қа жетті бүгінгі күні. Одан басқа құрылыс саласы қарқынды дамып жатыр. Осы жерде 135 пайызға өсіп отыр өткен жылмен салыстырғанда. Тұрғын үй құрылысының қарқыны да жаман емес. Бүгінгі күні 4,5 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы іске қосылды. ... жоспарымыз бар.
Ауданда мал шаруашылығының үлесі арта түсті. Қыс қамын жаз ойла демекші, биыл жем-шөп артығымен жиналыпты.
АЙТУҒАН ШАЙХИМОВ, ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ертіс өзені де кең жайылды биыл. Соған байланысты мал азығы өте көп дайындалды. Оған өткен жылғы қуаңшылық себеп болған шығар деп ойлаймын. Былтыр қыс уақыты өте қиын өтті. Ауданда 100 тоннадан асуымен жем-шөп жиналды.
Бұдан бөлек, кезең-кезеңімен мемлекеттік бағдарламалар орындалуда. Ауыларалық жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынуда. Келер жылы аудан халқы 100 пайыз таза ауызға қол жеткізеді.
Әйгерім Тоқпанқызы