Ақсу қаласында Алаш мұраты жолындағы ақын, жазушы, журналист Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына арналған әдеби шара өтті. Ақынның ұрпақтары, алыс-жақыннан келген зиялы қауым өкілдері бас қосқан жиын барысында аймақаралық проза байқауының жүлдегерлері де марапатталды.

Жиналған қауым алдымен ақын есркеткішіне гүл шоқтарын қойды. Зиялы қауым, жастар осылайша Алаш мұратына серт еткен алдаспан жырдың рухына тағзым етті. Сәбит Дөнентаев жиырманшы ғасырдың басында ел мен жердің тағдырын, қоғамдағы әр қилы келеңсіз жәйттерді жырына қосты. Қазақ жастарын оқуға, білімге үндеді. Қазақ әдебиетінің дамуы жолында еңбек етті.

Ақын жырлары халық жүрегіне қонды. Өйткені, шығармашылығына басты нысан етіп, халық тағдырын алған еді. Дөнентаев шығармашылығы сонысымен де құнды.

Сәбит Дөнентаевы ақындықтық бөлек, публицистика, проза тақырыбына да қалам тартқан ақын. Соны ішінде «Көркемтай» хикаяты қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған олжа.

Ақын ұрпақтары бүгінде ортамызда ғұмыр кешіп жатыр. Ақсу төріндегі алқалы жиынға қатысысып, атқарылған шара үшін алғыстарын білдірді.

Шара аясында Сәбит Дөнентаевтың 130 жылдығына, Жазушылар Одағының 90 жылдығына арналған «Көркемтей» прозашылар байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Олардың қатарында «Ертіс» арансының тілшісі Жанасыл Серікбол арнаулы жүлдеге ие болды. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сертификаттар табысталды.

Жанасыл Серікбол