Тасқынға қарсы күрес еліміздің 8 облысында жалғасуда. Жүз он мыңнан аса адам, 107 мың бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Сағат ондағы ақпарат бойынша, су тасқыны басталғалы 111 мың 194 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Оның 40 мыңға жуығы бала. Уақытша баспанада 6 814 адам жатыр.

Құтқарушылар 3503 тұрғынүй мен 2157 ауланы қаупітен сақтап қалған. Еліміздің солтүстік және батыс өңіріндегі 8 облыста 34 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай әрекет етуде. Ал, ауа райын болжаушылар алдағы уақытта ел аумағының көп бөлігі жаңбырлы болатындығын айтады.

Жанасыл Серікбол