Павлодар қаласындағы музыкалық колледжді өнер ордасы десек қателеспейміз. 3 мыңнан астам түлекті ұшырған білім ордасының құрылғанына биыл 65 жыл. Осыған орай колледж ұжымы үлкен гала концерт берді. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

Павлодар қаласындағы музыкалық колледж 65 жылдық мерейтойына орай қалалық мәдениет сарайында гала концерт ұйымдастырды. Сахнада колледждің жарты ғасырдан астам уақыт бойы атқарған еңбегінің жемісі көрсетілді.

СЕРІК СЫЗДЫҚОВ, МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ -ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бүгінгі шығармашылық кеште кешенімізідің барлық шығармашылық ұжымдары және жекелеген солистері өнер көрсететін болады. Бұл концертке арнайы жаңа бағдарлама құрылды және жаңа шығармашылық ұжымдар өнер көрсететін болады. Концерттің бір жаңалығы – 200 адамнан құралған хор өнер көрсететін болады . Бүгінгі концерттен достарымыз, көрермен жақсы көңіл-күймен қайтады деген ойдамыз

Білім ордасы өткен ғасырдың 50 жылдары құрылған. Мекеменің қарамағына дарынды балаларға арналған мектеп интернат, колледж, музыкалдық мектеп енеді. Осы уақыт аралығында қара шаңырақтан 3 мыңнан астам түлек ұшып, өнер саласында өз жолын тапқан.

Гала-концертте халық аспаптарының сүйемелдеуімен халық әндері және классикалық музыка, джаз орындалды. Сондай-ақ эстрадалық-симфония мен хорлар, ұлттық фольклор және вокалдық шығармалар шырқалды. Кеште музыкалық колледждің барлық шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Жеке орындаушылар да бар өнерлерін ортаға салды.

Самал Қалиқызы