Қазақстандық депутаттардың, еріктілер мен қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысының арқасында Ақмола облысына павлодарлықтардан гуманитарлық көмек жетті. Бұл ақпаратты әріптестеріміз, «Көкше» телеарнасы ұсынды. Толығырақ – келесі материалда.

Су тасқыны еліміздің бірқатар өңірінде орын алып, тұрғындар ауыр жағдайға тап болды. Табиғи апаттан зардап шеккен жандарға қол ұшын созу үшін бүкіл Қазақстан бірікті. Павлодар облысы да тасқын салдарын жоюға белсене қатысып жатыр.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Барлығымыз бір міндет, бір миссия үшін қызмет етіп, қазір Солтүстік Қазақстанға аттанғалы жатырмыз. Ең бастысы – қандай партияға, қоғамдық бірлестікке қатысты екенімізге қарамастан, барлығымыздың мақсатымыз бір – жерлестірімізге көмектесу

Бұл жолы аймақ тұрғындары жинаған гуманитарлық көмек Ақмола облысына жеткізілді.

БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Су тасқынына байланысты зардап шеккен тұрғындарға Павлодар облысының жастар ресурстық орталығы бар, сонымен қатар Павлодар облысының депутаттық корпусының атынан осындай әлеуметтік көмек келіп жатыр. ол жалғыз атбасар ауданы емес, жолда астрахан ауданында 1 машина 5 тонна, 5 тонна көмек атбасар ауданына келді

Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіледі. Атбасар ауданының әкімі қала және ауылдық аймақ тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

            Мен өз басым үш коллективпен кездестім: микрорайон «лондон», микрорайон «жбк» - солармен кезедсіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмын. мынау елбасының үндеуіне байланысты тасқын судан зардап шеккендер көмексіз қалмайды, барлығына мемлекеттен көмек көрсетіледі дегенді халыққа жеткізіп жатырмыз

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, Атбасар ауданында 160-тан астам үйге су кірген.

ЖҰМАТ ӘБДІҒОЖИН, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ)

13-і күні тілсіз жау – су келіп, біздің үйімізге келді, көшеге... модан зардап шектік. Есенберлин көшесі 92 үйде. Зардап шеккенмен енді құжаттаржды жинап, қазір ЦОН-ға келдім. Қағаздарды, заявление жазып, өткіздім. Дүйсенбі күні ақша алатын болдық.

Билік өкілдері зардап шеккен тұрғындар үшін пәтерлер сатып алуға және жаңа үйлер салуға уәде берді. Сонымен қатар, Павлодар облысының гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері Қостанай облысына жіберілді.

Жұлдыз Қабылденова