Павлодар облысынан Петропавлға 20 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Оны аманаттықтар, депутаттар, кәсіпкерлер, еріктілер жинаған. Толығырақ келесі сюжетте.

Павлодар облысынан кезекті көмек Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтілді. 4 жүк көлігі толтырылып Петропавлға кетті. Гуманитарлық көмектің ішінде қазіргі уақытта ең қажетті деген заттар жиналған.

АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ

Бүгінгі таңда Солтүстік қазакқстанға 20 тонна гумсанитарлық көмек апарылды. Су, керек заттар, күрек, гигиеналық заттар, ыдыстар. Мотопомпа. Осыны Солтүстік Қазақстанға жіберіп жатырмыз.

Гуманитарлық көмекті облыстық мәслихат депутаттары, аманат фракциясының мүшелері, ҚР Халқы Ассамблеясының мүшелері, жергілікті кәсіпкерлер, еріктілер жинады. Айта кетейік, жалпы су тасқыны басталғаннан бері аталмыш жұмыстарға 300-ден астам ерікті жұмылдырылды.

РИЗАТ РАХЫМЖАНОВ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сәуірдің басынан біз осылай гуманитарлық көмекті жинауды жүргізіп жатырмыз. 12 күні жібердік, Атбасар мен Астрахан ауылына барып, көмекті жеткіздік.

ЖАНАҚ ЗАЯТОВ, ЕРІКТІ

Біздің орталық базадан көптеген көмек келіп жатыр. Соның бірін Петопавлға жіберіп жатыр. Соның бәрін көмектесіп жатырмыз. Қолымыздан келгенін бәрін істеп жатырмыз.

Айта кетейік, қауіпсіздік мақсатында жүк көліктерімен полицейлер де барады. Ал кезекті гуманитарлық көмек ертең Қостанай облысына жіберіледі.

Самал Қалиқызы