Павлодар облысының тұрғындарына Абылай хан заманында қолданылған көне кіреукені көруге мүмкіндік туды. Құнды жәдігерлер Солтүстік Қазақстаннан біздің өңірге арнайы жетті. Жылжымалы көрмеге тілшіміз барып келді.

Абылай хан Қазақ тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Ол ел басқарған жылдары кең байтақ даламызда бейбіт заман орнап, халық жақсы кездерді бастан кешкен. Осы Абылай ханға арналған кешен Петропавл қаласында орналасқан. Құнды жәрігерлері мен мұрасын арқалаған көшпелі көрме біздің өңірге алғаш келіп тұр.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біздің елдің оқушылары осы көрмені көріп тағы бір бздің тарихымыздың тереңнен басталатын біледі. Оқушылар нәр алса біздің бұл жеңімсіміз. Ел аман болсын.

Жалпы Абылайхан музейі Петропавлда орналасқан. Онда 500-ден астам экспонат сақтаулы. Олардың 50-ге жуығы жылжымалы көрме аясында Павлодар облысына әкелінді.

АЯН САДАЕВ, «АБЫЛАЙХАН» РЕЗИДЕНЦИЯ МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

Абылай резиденция ашылғанына 15 жыл болды. 2006 ашылған. Абылайдың өмір баяны, өмір жолы, сол замандағы заттары, насихаттау ретінде жылжымалы көрмелерді әкеліп отырамыз.

Қазақ батырларының сауыт-сайманы мен семсер, найза, шоқпар, қылыш, айбалта, күрзі, сирақты мылтық сияқты соғыс құралдары, сол кезеңдегі дипломатиялық хаттар мен архивтік құжаттардың көшірмелері де ұсынылады.

АЯН САДАЕВ, «АБЫЛАЙХАН» РЕЗИДЕНЦИЯ МУЗЕЙ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ)

Енді Абылай заманындағы көне заттар жоқ әрине. Соның заманда болған мөрі, төсбелгісі, қолданған заттарды әкеп отырмыз.

Экспозициялар 18 ғасырда өмір сүрген Абылай ханның өмірі мен ел басқарған кезеңін қамтиды.

САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Павлодар облысына Абылайхан мұражайынан 50 ден астам экспонат жеткізілді. Бұл кіреуке 18 ғасырды қамтиды. Қалған мен дулыға да біздің өңірге жеткізілді.

Көшпелі көрме Бұқар жырау атындағы музейде орналасқан. Оны 29 сәуірге дейін келіп көруге болады.

Самал Қалиқызы