Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында әнші, әрі композитор Бақытжан Жұмаделдиновтың шығармашылық кеші өтті. Оған атақты жерлесіміздің өлеңдерін сүйіп тыңдайтын ән сүйер қауым қатысты. Толығырақ концерттік бағдарламаны тамашалап қайтқан тілші әңгімесінде.

Әншінің репертуарында туған жеріне арнап қалам тербеген еңбектері көп. Бұдан бөлек, жерлесіміз еліміздің қалалары мен ұжымдарына ән арнап, көпшілікті тәнті етіп келеді. Сондан-ақ, ол әр түрлі деңгейдегі ән додаларына қатысып, лауреат атанған. Композитордың биыл ұйымдастырылып отырған шығармашылық кеші, ауызбірлік пен достық тақырыбына арналды.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАДЕЛДИНОВ, КОМПОЗИТОР

Еліміз көп ұлтты. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз ынтымағы жарасқан мемлекетпіз. Бұл үндестік, ұрпақтан ұрпаққа жалғасу керек деп ойлаймын. «Ассаламәлейкум» өлеңі бұл тақырыпқа арқау еткен. Мен баршы тыңдарма қауымды, және ақпаратты қолдау көрсеткені үшін облыстық Ертіс арнасының басшылығы мен ұжымына шексіз алғысымызды білдіремін.

Әншінің барлық орындаулары театрландырылған көрініспен сүйемелденді. Концертке бишілер де өз үлесін қосты.

Әйгерім Тоқпанқызы