Бүгін ұлттық ғашықтар күні мерекесі. Көктем шуағымен аталып өтетін бұл күн туралы шаһарымыздың жастары біледі ме екен? Әріптесім анықтап қайтты.

БАЙТҰРСЫН ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ

Қазақстанда 2011 жылдан бастап 15 сәуірде ұлттық ғашықтар күні аталып өтеді. Ол ақпанда тойланатын халықаралық ғашықтар күнінің баламасы. Мерекенің пайда болуына жастар ұйымдары, студенттер қауымы мен бастамашыл топтар ұйытқы болған. Мейрам Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатына арналады. Дегенмен шаһарымыздың тұрғындары осындай мереке туралы біледі ме екен? Қазір анықтаймыз!

Мерекенің Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні деп аталуының өзіндік себебі бар. Қос жұп нағыз махаббат пен кіршіксіз сезімнің айқын символы.

Байтұрсын Жұмабай