Өңірде бірінші тоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 138,8 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы облыстық инвестициялық штаб отырысында айтылды. Жиында биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы шығарылды.

Биыл бірінші тоқсанда шетелдік инвесторлармен 5 кездесу өткен. Облысқа тартылған инвестицияның негізгі бағыты өнеркәсіп секторы мен сауда саласына тиесілі. Жиыны 33 жоба инвестициялық қолдау тапқан.

РУСЛАН ТІЛЕУЛЕСОВ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Биыл 8 жоба іске асады. Соның бірі ферроқорытпа зауыты жобасы 90 пайызға дайын. Маусым айында іске қосылады. Кәсіпорын өкілдерімен тығыз байланыстамыз

Аймақ басшысы бұл тұрғыда мемлекеттік мекемелердің белсенді болу қажеттігін айтты. Инвесторларды тіркеуден бастап, жобаларын бастағанға дейінгі барлық үдерісті жедел орындап, туындаған мәселерді дереу шешу қажеттігін айтты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жол картаңызда мерзім нақты көрсетілмеген. Сондықтан, ескертпелерді уақыты дұрыстаңыз. Бұл саладағы барлық мәселелер сіздің мойыныңызда. Жұмыс сапасы бақылауда болуы керек

Сондай-ақ инвестициялық штаб отырысында бес жылдық перспективада жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы да талқыланды.

Жанасыл Серікбол