Баянауыл ауданы, Құндыкөл ауылындағы білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Оған облыстық бюжеттен 198 млн. теңге бөлінген. Толығырақ, мектептегі жөндеу жұмысы барысымен танысқан тілшіміз әңгімесінде.

Құндыкөл ауылындағы Әлкей Марғұлан атындағы мектеп 1989 жылы салынған. Содан бері 30 жылдың ішінде бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Биыл мектепті бастан-аяқ қалыпқа келтіруге облыстық бюджетінен 198 млн.теңге бөлініпті.

ҚАНАТ ОСПАНОВ, ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ДИРЕКТОРЫ

Бір блокты жауып, жұмыс жасалып жатыр. Ремонттық жұмыстар оқу процессіне кедергі емес. Блоктын бәрін жаптық, балаларға доступ жоқ, техникалық қауіпсіздік ережелері сақталған, барлық кабинеттер жылы, таза, сабақтар өткізіліп жатыр

Жөндеу жұмыстарын шымкенттік мердігер атқаруда. Олар кабинеттерді, терезе-жақтауларды, едендерді ауыстырады.

БАҚТИЯР ҚАЛДЫБЕКОВ, УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ

Бір қанатын істеп жатырмыз. Оқушылар оқып жатыр. Бос болғаннан кейін осы жағын бастадық. 1 этаж, 2 этаж әрлеу жұмысымен айналысып жатырмыз, сылақ жүріп жатыр

Мектептегі жөндеу жұмыстары әзірге оқу процессіне кедергі емес. Қазіргі уақытта нысанда 18 адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта басқа да қосымша мамандар келеді.

ТҮЙМЕ НҰРӘЛИЕВ, УЧАСКЕ МАСТЕРІ

Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Қазір іштегі сылақ жұмыстары кетіп жатыр, мектептің бір қанатының демонтажын бітірдік, сол қазір сылақ жұмыстары жүріп жатыр

Айта кетейік, білім ордасында жалпы саны 104 оқушы білім алады. Мердігерлер жаңа оқу жылының басталуына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауға ниетті.

Қымбат Садық