Май ауданында «Қарызсыз қоғам» атты жеке қаржыны басқару курстары ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары арасында қаржылық сауаттылықты арттыратын курсты «Аманат» партиясы өткізді.

Елімізде несие алып, қарызға белшесінен батқандар баршылық. Ұқсас оқиғалар өз қаржысының жетіспеушілігіне әкеліп соғып жатады. Курс осы сынды мәселелерді қамтиды.

ӘСЕТ РАХЫМЖАНОВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТРЕНЕРІ

Жалпы басынан бастап айтып кететін болсақ бұл «Қарыссыз қоғамның» негізгі целевые группы дейміз жаңағы мақсаты ортасы ол жаңағы несиесі бар адамдар несиесін төлей алмай жүрген адамдар. Біраз уақытша қаржылық қиыншылықтар бойынша заңды түрде қатысқан жандарға көмек көрсетіледі. Ал мен осы Көктөбе ауылында 2 топты жүргізіп жатырмын, жалпы сегізінші топ өткізіп жатқан

Ауыл тұрғындары бұл курс қаржының үнемдеу жолдарын анықтауға септігін тигізіп отырғаның айтады. Осыған байланысты қатысушылардың саны да күн санап артып келеді.

КАРИНА АЙДАРҒАЗИНА, КӨКТӨБЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Осы қаржылық сауаттылық курсы мен үшін өте маңызды деп ойлаймын. Себебі біз күнделікті қаржыны жұмысаймыз бірақ үнемдеу, тиімді жолдарын үйренеміз деп ойлаймын осы курста. Бүгін үшінші күн қатысудамын алатын ақпарат өте қызықты. Жаңа ақпараттар өте қызық болып тұр.

Айта кетейік, жеке қаржыны басқару курстарына қатысушылардың дені жастар. Шағын несие алып қаржылық қиыншылыққа ұшырағандар үшін тренинг өз пайдасын бере бастаған.

Байтұрсын Жұмабай