Ертіс суы таситын кез жақын. Осыған орай дайындық жұмыстары жалғасуда. Павлодардың төменгі жағалуына құм толтырылған қаптар қойылуда.

Ертіс өзенінің тасуына байланысты жақын орналасқан қалалар мен елдімекендер тасқынға қарсы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Облыс орталығының төменгі жағалауында құм толтырылған қаптар қойылған. Мамандар 1,5 мың қап құм дайындаған.

Павлодар облысының аумағына табиғатты қорғау мақсатында жіберілетін судың болжамды көлемі шамамен алты жарым текше километрді құрайды. Жайылма алқабының кемінде 70-75% су басады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Жанасыл Серікбол