Облыстың барлық қалалары мен аудандарында тазалық жұмыстары қарқынды жүруде. Полигондар бір ай бойы қоқыстарды тегін қабылдайды. Көпқабатты үйлердің тұрғындарына аумақтарды тазарту үшін арнайы техникалар беріледі. Көмек алу үшін қайда бару керек? Тілшіміз біліп көрді.

 Көпқабатты үйлердің тұрғындары өз аулаларына техниканы «109» сенім телефоны, сондай-ақ 32 22 52 және +7 775 862 1684 телефондары арқылы шақыра алады. (В ПЛАШКУ!).

ӘНУАРБЕК АМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен сенбіден бастап қоқыс шығаруды бастадық. Кәсіпорындар, мысалы, энергетикалық кәсіпорындар өткен аптадан бастап өздеріне бекітілген аумақтарды тазалауға кірісті. Қоқысты полигонға шығару тегін. Облыс тұрғындарынан 16-ға жуық өтініш түскен. Олардың барлығы бір апта ішінде орындалып, сенбі, жексенбі күндері қоқыс шығарылды. Өтінім түскен сәттен бастап орындалуда...заявки по мере поступления выполняем

Барлық абаттандыру жұмыстары өткен аптада басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізілуде. Шенеуніктер науқанның қарқынды өтіп жатқандығын айтады.

ЕРЖАН ИМАНЗАЙЫПОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢІ БАСШЫСЫ

Қазір аялдама павильондарын сырлау және жуу жұмыстарды аяқтадық. Олардың саны 202. Сонымен қатар, 2535 жол белгілері бағаналары жаңартылып, сырланды. Қыс маусымынан кейін бағдаршамдарды жууға көбірек көңіл бөлінді. Сондай-ақ, облыс қалаларындағы өзекті мәселелердің бірі шұңқырларды жөндеу. Бұл жұмыс үш қалада да басталды

Акцияның соңына дейін 669 аялдама, 198 бағдаршам, 1118 орындық, 105 ескерткіш, 78 саябақ пен сквер, 510 шақырым жаяу жүргіншілер жолы ретке келтіріліп, 30 мыңнан астам көшет отырғызу жоспарлануда.

Жанасыл Серікбол, Анастамия Ерш