Бүгін – өртке қарсы қызмет күні. Осыған орай түсірілім тобымыз өрт сөндірушілердің бір күндік жұмысымен танысты.

Әкесінің жолын қуған Ерсін Абылғазинов қиындығы мен жауапкершілігі мол өрт сөндіру бөлімінде 2017 жылдан бастап еселі еңбек етіп келеді. Бір кездері әкесі атқарған қызметті бүгінде абыроймен жалғастыруда.

Қызыл жалынмен күнделікті күрес – оңай жұмыс емес. Тілсіз жаумен арпалысу үшін ерлік, батырлық пен мықты тәжірибе керек. Бұл қасиеттер кейіпкеріміздің бойынан айқын байқалады.

ЕРСІН АБЫЛҒАЗИНОВ, №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ

Өрт сөндірушінің бойындағы қасиеттер – батырлық, тапқырлық ... баспен келу керек, адамның өмірін құтқару үшін ... дұрыс шешім қабылдау керек деп ойлаймын, адам құтқарғаннан кейін ... жағымды болып естіледі

Тіршілік атаулыны тілсіз жаудан қорғап жүрген осындай қызметкерлер үшін бүгін айтулы күн. Олар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Қайсарлық пен қажырлық, еңбек пен ерліктің үлгісі болатын өрт сөндірушілердің қызметін әрқашан бағалаған абзал. Ал олар болса, мереке деп істерді ысырып қойған жоқ. Әр шақыртуға жылдам жетіп, тұрғындарға қол ұшын созу үшін қарбалас жұмысқа кірісіп кетті.

Жұлдыз Қабылденова