Балалар болашағымыз. Олардың бүшінгі алған білімі мен тәрбиесі болашақ елдің жемісі. Ақтоғай ауданы Махмет Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары белсенді әрі ашық ортаны қалыптастыра білген. Білім ордасында мектеп парламентін құрып, әр түрлі шаралар атқарып, қызықты жобалар ойластыруда.
Мектеп парламенті болашақ ойлы жастардың ортасы. Болашақтағы ауқымды істерге қазірден бастап дайындайтын алаң. Сондықтан болар, білім ордасының алғыр оқушылары осында бас қосқан. Айзада Құрманғазы мектеп президенті лауазымына осы оқу жылының басында келген.
АЙЗАДА ҚҰРМАНҒАЗЫ, М. ҚАЙЫРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ
Қазіргі таңда мектеп парламентінде 8 фракция бар. Әр фракция белгілі бір салада өз жұмысын атқарады. Экология болсын, мәдениет болсын, спорт болсын. Әрқайсысы белсенді жұмыс атқарып, аудан, облыс деңгейінде үлкен жетістікке жетуде
Мектеп парламенті оқушыларға ерте жастан кәсіптік бағдар беруге де ат салысады. Мәселен, «мемлекеттік қызмет - менің таңдауым» жобасы аясында Айзада аудан әкімінің бір күндік жұмыс кестесімен толық танысуға мүмкіндік алған.
АЙЗАДА ҚҰРМАНҒАЗЫ, М. ҚАЙЫРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ
Аудан әкімімен бір жұмыс күнін өткіздім. Сол кісінің күн тәртібін көріп, жиындарға, салтанатты іс-шараларға қатыстым. Соның нәтижесінде болашақта расымен де мемлекетке қызмет ететін, халық әл-ауқатын ойлайтын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биік тұлға болғым келетіндігін білдім. Болашақта, бірер жылдар арасында халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметкер атанамын деген ойдамын
Мектеп парламентінің әр мүшесі әрқашан белсенділігімен, озық ойларымен ерекше.
ГҮЛНАЗ АЙДАРОВА, МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ МҮШЕСІ
Біздің мектеп негізі қаланғанына биыл 50 жыл. Тарихы терең білім ордасы. Мен алтын ұямыздың тыныс-тіршілігіне арналған «Мектеп тынысы» журналы жобасын қолға алдым. Онда оқушылардың шығармашылығы арияланып, оларды таныта түспек. Алдағы оқу жылында шығарамыз деп жоспарлап отырмыз
Осылайша, мектептің мәдени өмірінен тыс қалғысы келмеген әр оқушы парламент қабырғасынан табылып, ойларын іске асыруда.
Жанасыл Серікбол