Екібастұз қаласында Азамат Смағұловтың құрметіне орай бокс бойынша V облыстық турнир өтті. Турнир ауқымы жылдан жылға кеңеюде. Осы жылы энергетиктер мен кеншілер қаласына еліміздің алты өңірінен келген спортшылар жиналды. Біздің тілшіміз турнирдің барысын көріп қайтты.

Боксшылар халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Смағұловтың жүлдесі үшін күресті. Жарысты өткізу үшін "Жасыбай" алаңы кездейсоқ таңдалмады. Азамат Смағұлов-Екібастұз спорт кешенінің тәрбиеленушісі.

АЗАМАТ СМАҒҰЛОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Алғашқы күндерден бастап барлық жекпе-жектерге бәсекеге қабілетті спортшыларымыз қатысуда. Ойында ең қызығы- соңғы жекпе жек деуге болады.Командалар өте мықты боксшыларды әкелді. Келесі турнирді біздің балалар спорт шеберіне үміткерлердің санаттарын орындаулары үшін, республикалық ауқымда өткізуді жоспарлап отырмын. Бұндай турнирлерді біз облыстық балалар өз шеберліктерін арттыруы үшін ұйымдастырып отырмыз

Турнирге Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысты.

АРСЛАН СМАҒҰЛОВ, ТУРНИР ҚАТЫСУШЫСЫ ( ЭКИБАСТУЗ. Қ)

Екі күн қатарынан жеңіске жеттім. Бүгін «Молодежки»» боксшысымен жекпе жекке шығамын. .Бірінші күні осы команданың қатысушысын жеңіп, келесі күні Көкшетау қаласының спортшысын ұттым. Финалда бәлкім ұтып қалармын.

Турнирдің қорытынды ойындары басталды. Бүгін Азамат Смағұловтың құрметіне орай бокстан ұйымдастырылған V облыстық турнир жүлдегерлерінің есімдері белгілі болады.

Салтанат Бауыржанқызы