Инвесторлар құқығы қалай қорғалып жатыр?
Павлодар облысы инвестиция тару бойынша елімізде көш басында келе жатқан өңірлердің бірі. Бұл - жан-жақты атқарылған ауқымды жұмыстың арқасында болып жатқаны белгілі. Оның ішіне инвесторлардың құқығын кешенді түрде қорғау да кіреді. Бұл бағытта жұмыс қалай атқырып жатыр? Облыс әкімінің, бас прокуратура өкілінің қатысуымен арнайы жиында талқыланды.
Заманауи әлемде экономиканың оң көрсеткіштерге жетуіне инвестицияның алар орны бөлек. Еліміз бұл бағытта үлкен қадамдарға барып, ірі кәсіпкерлерді үлкен жобаларды іске асыруға тартып келеді. Мемлекет басшысы да бұл жұмыстарға айрықша мән береді.
Әлемде ашығын айтқанда инвестицияға талас жүріп жатыр. Сол таласта біздің де еншіміз мол. Дұрыс жолға қойылған инвестицяилық саясаттың арқасында нақты нәтижелер көзге көріне бастады.
Әлібетте маңызды. Ол үшін бас прокуратура кешенді жоспар құрып, инвесторлардың құқығын қорғауда. Жобаны дайындаудан бастап, іске асқан соң да құқықтық тұрғыдан қолдау көрсетеді.
Азамат Ермаханов, Павлодар облысы прокурорының орынбасары
Әрбір іске асырылған жоба, жаңа әрбір өндіріс өңір тұрғындарының болашағына салынған инвестиция. Ал инвестиция бар жерде даму бар. Біз кәсіпкерлікке кез-келген заңсыз араласу инвестиция тартуға кері әсер етенінін анық білеміз. Сондықтан, біздің ұстаным айқын. Заңсызыдаққа қарсы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз.
Жиында бұл бағыттағы жұмысты одан әрмен жітілдірудің жолдары мен жоспарлары қаралды.