Bilimclass электрондық журналы іске қосылады
Жаңа оқу жылынан бастап өңір мектептерінде электронды журнал жүйесі өзгереді. Бұған дейін қолданылған «Күнделік.кз» платформасының орнына оқушылар мен ұстаздар BILIMCLASS жүйесіне көшеді.
«Күнделік.кз» электрондық журналы енді қолданылмайды. Жаңа оқу жылынан бастап өңір мектептерінің оқушылары мен ұстаздары «Білімкласс» платформасында жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аталған жүйе өңірдегі бірқатар мектепте пилоттық режимде сынақтан өткен.
Анар Акишбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі
2025-2026 оқу жылында біз Екібастұз қаласы мен Ертіс аудандарында «білім класс» платформасын пилоттық жобада енгізген болатынбыз. Бұл пилоттық жобаның жалғасы деп санауға болады. Осы пилоттық жоба кезінде, мұғалімдерден сауалнама алынып, 70 пайыз мұғалім мен 63 пайыз ата-аналар осы платформаға он бағасын берді. Бұл білім класс платформасы біздің қазақстандық айти мамандармен әзірленген. Осы айти мамандар ақпараттық қауіпсіздік пен дербез деректерді қорғауға ерекше мән ерген.
Қазіргі уақытта бұл платформаны еліміздің 16 өңірінде 12 миллионнан астам оқушы мен 307 мың педагог пайдаланады. Орталық меңгерушісінің айтуынша, осы көрсеткіштердің өзі жаңа жүйенің көпшілік көңілінен шыққанын аңғартады.
Анар Акишбаева, Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі
Аналитика жағынан қолжетімді. Жанағы мектептің оқушылары арасында білім беру процесіндегі бағаларын көруге болады, жасанды интеллект енгізілген ғой, олар бізге бәрін талдап аналитика түрінде көрсетіп береді.
BILIMCLASS платформасында оқушылардың түрлі тестілеулерге дайындалуына қажетті бейнесабақтар мен оқу материалдары жеткілікті. Жаңа электрондық журнал мұғалімдердің жұмысын да жеңілдетеді, себебі жүйе автоматтандырылған. Ал ата-аналар бұрынғыдай балаларының оқу үлгерімін онлайн бақылап, бағалары мен жетістіктерінен жедел хабардар бола алады.
Самал Қалиқызы