Негізгі Жаңалықтар Jastar Star 2026

Jastar Star 2026

Павлодарда «Jastar Star 2026» байқауы аяқталды. ERTIS PROMENAD сахнасында жас орындаушылар, музыканттар мен бишілер өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Толығырақ келесі сюжетте. 


 «Jastar Star» жобасы жас өнерпаздарға үлкен сахнаға шығып, өз өнерін кеңінен танытуға мүмкіндік береді. Финалға қатысушылар музыкалық жеке және топтық нөмірлер дайындады. Ұйымдастырушылар барлығы 42 өтінім қабылдаған, ал іріктеу кезеңінен кейін финалға 36 қатысушы жолдама алды.

Игорь Бойческо, байқау ұйымдастырушысы, «Proмолодёжьpvl» қб басшысы

Бұл біреулер үшін шығармашылық қызметін жалғастыруға үлкен ынталандыру, мотивация болуы мүмкін. Яғни, біз бұл жобаны ойластырған кезде, оны әрбір қатысушы үшін қолжетімді еткіміз келді. Кез келген өнер көрсетуге ниетті адамға сахнаға шығуға мүмкіндік беруді көздедік. Байқауды «Рroмолодёжьpvl» қоғамдық бірлестігі Павлодар қаласының әкімдігі мен қала әкімінің қолдауымен ұйымдастырды. 

Көптеген жас өнерпаз үшін ERTIS PROMENAD сахнасындағы өнер көрсету дебют болды. Алайда байқауға қатысушылардың арасында бұған дейін де тәжірибе жинақтағандар бар. Олар түрлі мекемелерде, корпоративтік кештерде және қалалық алаңдарда өнер көрсетіп жүр.

Ғалымжан Жақыпов, байқауға қатысушы

Мен 28 жастамын. Музыкамен 19 жасымнан бері айналысамын. Сондай-ақ түрлі мекемелерде, байқауларда өнер көрсетемін, кейде көшеде де ән айтамын. Жалпы, бұл саламен көптен бері айналысып келемін. Сәл қобалжып тұрмын, бірақ бұл қалыпты жағдай деп есептеймін. Меніңше, адам қобалжыса, бұл жақсы. Ал мүлдем қобалжымаса, жаман. Әрине, толқу бар. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс және бар жақсылықты тілеймін. Шоу көрсетеміз! 

Байқау бағдарламасының тағы бір бөлігі би өнеріне арналды.

Бұл кеште байқауға қатысушыларды қолдап, финалдағы толқынысты бірге бөлісуге туған-туыстары мен достары да келді.


Дильназ Қуанышбекқызы


Бөлісу

Аймақтық телеарналар